Деструктивті діни ағым белгілері
Деструктивті діни ағым белгілері

Деструктивті діни ағым белгілері

«Жаһандық терроризм индексі тараткан мәліметтер бойынша 2018 жылдың өзінде әлемдегі террористік ұяшық өкілдерінің қолынан 15 952 қайтыс болған.

Бір кездері мұндай апат тек шет елдерде ғана болатын сияқты, мұндай қауіптің ауылы біздің елден алыс секілді көрінетін. Бірақ өкінішке қарай, ол біздің елден де сырт айналып өткен жоқ. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ҚР-сы аумағында 2011- 2016 жылдар аралығында кемінде 9 теракт жасалған.

ҚР Бас прокуратурасының «экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтар және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» статистикалық есебіне сәйкес, 2020 жылдың наурыз айларында экстремизм мен терроризмге байланысты 367 қылмыстық құқықбұзушылық жасалған. Көптеген жағдайларда бұл қылмыстардың артында бір кездері экстремистік және деструктивті сипаттағы әртүрлі діни ұйымдарға жалданған адамдар тұр.

Деструктивті діни ағымдар - зайырлы елдерде қабылданған дәстүрлі діни көзқарастар мен нормаларга қарсы шығып, радикалды идеяларды тарататын және сол идеяларды күштеп таңу әдістерін қолданатын, бұрынғы жеке тұлғаны басу арқылы өз акцияларында әдістемелік пайдалану, «адал жауынгерлер» құру мақсатында жаңа жақтаушыларды жалдайтын діни ағымдар.

Мамандар деструктивті діни ағымдардың жаңа жақтаушысы болып ұйымға кірген (өз еркімен, күшпен немесе шебер жалданған кезде) адамға барынша назар аударылып, тіпті қамқорлық көрсетіліп, оны олардың сенімі бойынша бауырлармыз деп түсіндіріледі дейді. Бұл - «махаббатпен бомбалау» деп аталатын әдіс. Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесіне құрмет көрсетіліп, өзінің жаңа ортадағы эксклюзивтілігі мен маныздылығы туралы ой пайда болады. Яғни өзін ерекше таңдаулы адамдар сезіне бастайды. Қоғамның жаңа мүшесіне жұмсақ, өте шебер түрде жалпы ұжымдық идея сіңіріліп, деструктивті діни агымдардың догмалары мен канондары айтылады. Яғни адамның шынайы, ақиқат жолда екеніне сену үшін бәрі жасалады.

Мұндай ұйымдар сырттай қарағанда дінге сәйкестікті көрсетеді, яғни барлық әдет-ғұрып, діни іс-әрекеттер көзбояушылықпен сырт көз үшін жасалынады. Оның кошбасшылары жақтаушыларының алдында әсерлі сөз сөйлейді. Алайда, олардың әрекеттері адамды рухани жетілдіру мен өнегелік құндылықтарға бейімдеуге бағытталмаған. Адамға рухани және физикалық қысым жасалынады.

Деструктивті діни ағымдардың әсер ету белгілері:

  • Отбасы мен өзіне деген қарым-қатынасымен салыстырғанда жаңа қауым көшбасшысына және оның барлық мүшелеріне шамадан тыс жағыну адалдық;
  • Күнделікті өмірдің қатаң тәртібімен толық келісу, бірақ өзінің жеке мүдделерінің болмауы;
  • Діни мәтіндерді бұрмалау, айналасындағыларды адасқан жане «тура жолдан» тайған деп айыптау;
  • Күйзелістің жиі болуы немесе шамадан тыс белсенділік (жеке-жеке);
  • Өмір салтының толық өзгеруі, бұрынғы коммуникативті байланыстардан бас тарту;
  • Мәдени құндылықтардың өзгеруі және олардың кейбіреуін қабылдамау (әдебиет, кино, музыка);
  • Бұрын байқалмаған мінез-құлықтың эмоционалдық күйзелістер пайда болуы;
  • Беймәлім ғалымдар мен уағызшылардын догматтарын жиі және міндеттей отырып айту;
  • Жаңа діни терминдерді қолдану, сондай-ақ, жана мінез-құлықтар мен пайда болуы;
  • Радикалды исламистік догмаларға сүйене отырып әйелдерге деген көзқарасты өзгерту;
  • Жаңа араласатын ортасының міндеттеуі салдарынан сыртқы келбеттің өзгеруі (мысалы, ұзын сақал, қысқа шалбар, қара паранжа (әйелдер).

 

 Егер сіздің жақыныңызда деструктивті діни ағымның белгілері байқалса:  Оны айыптамаңыз және пікірталасқа түспеңіз, себебі бұл сіздің қарым-қатынасыныздың нашарлауына, туыстық байланыстардың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Деструктивті діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккен адамдарға теологиялық және психологиялық көмек көрсететін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Кенес беру жане оналту орталығына» (Төлебаев көшесі, 38, телефон: 8-778-428-0468, 8-778-514-4749) хабарласыңыз.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саяттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Дінтану мамандығының 1-курс магистранты: Исаев Абдіхакім

Жетекші: Байтенова Нағима Жаулыбайқызы

Казахский национальный университет им. аль-Фараби (kaznu.kz)

 

Исаев АбдіхакімИсаев Абдіхакім
3 года назад 2738
1 комментарий
О блоге
Прямой эфир